Қазақстан жастар құрамасы Грузиямен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан жастар құрамасы Грузиямен жолдастық матч өткізеді

20 мамыр 2024, 15:15
Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы маусым айында Грузия жастар құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді.

Матчтар 6 және 9 маусым күндері Тбилисидегі Михаил Месхи атындағы стадионда өтеді. 

Аға бапкер Константин Горовенко бастаған Қазақстан жастар құрамасы 3 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында оқу-жаттығу жиынын бастайды. 

Екі күндік ОЖЖ-дан кейін Қазақстан U-21 құрамасы Грузия астанасы Тбилисиге жолға аттанады.

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының матчтар күнтізбесі: 

6 маусым 2024 жыл

Грузия U-21 – Қазақстан U-21

Михаил Месхи атындағы стадион, Тбилиси

9 маусым 2024 жыл

Грузия U-21 – Қазақстан U-21

Михаил Месхи атындағы стадион, Тбилиси

Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде В тобында бақ сынап жатыр. Топта Қазақстан U-21 құрамасымен қатар Испания, Шотландия, Бельгия, Венгрия және Мальта құрамалары бар. Константин Горовенко шәкірттері алты ойыннан кейін үш ұпаймен 5-орында келеді.

Күзде Еуро-2025 іріктеу кезеңінің тағы төрт матчы өтеді. Қазақстан жастар құрамасы 5 және 10 қыркүйек күндері өз алаңында Мальта мен Бельгия құрамаларын қабылдайды. Артынша 10 қазан күні Испаниямен, сосын 15 қазанда Шотландиямен кездеседі.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан жастар құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары