Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Молдовада халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Молдовада халықаралық турнирге қатысады

18 мамыр 2024, 15:00
4-10 маусым күндері Молдовада өтетін жолдастық турнирге қатысатын Қазақстан U-19 құрамасының ойыншылар тізімі белгілі болды.

Александр Кузнецовтың шәкірттері жолдастық турнирде Молдова, Әзербайжан және Түркия құрамаларымен кездеседі. Ойындар Тирасполь қаласындағы «Шериф» футбол клубының базасында өтеді. 

Қазақстан U-19 құрамасының ойыншылар тізімі: 

Қақпашылар: Элдар Мендіғалиев («Қайрат»), Алиакбар Әбілхайыр («Хан-Тәңірі»)

Қорғаушылар: Тимур Құрбанов, Нұрәли Елемес («Хан-Тәңірі»), Данияр Ерлан («Жас Қыран»), Елжан Молдахмет, Әлихан Исраилов («Қайрат»), Батыр Ибрагим («SD Family»), Әділет Өмей («Тараз»), Рустам Жанхаев («Ұлытау»);

Жартылай қорғаушылар: Алан Адахаев («Жас Қыран»), Ілияс Әбіл («Жил Висенте», Португалия), Әбілқайыр Абдурахманов, Эльхан Саидов (екеуі де «Қайрат»), Ахметәли Қалтанов («SD Family»), Адам Газиев, Хамза Мұхаметәли (екеуі де «Хан-Тәңірі»), Мирас Уманиязов, Аян Байдәулетов (екеуі де «Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Тамерлан Агиманов («Ақсу»), Әділет Мыңбай («Арыс»), Ерасыл Сәрсенбай («Ұлытау»), Шыңғыс Дүйсенбек, Бағдат Рамазан (екеуі де «Қайрат»), Димаш Серікұлы («Тараз»);

Бапкерлер штабы: Александр Кузнецов - аға бапкер, Игорь Маштаков - аға бапкердің көмекшісі, Бауыржан Сағындық - дене даярлығы жаттықтырушысы, Рахат Әкімқұл - менеджер, Азат Құрманов - қақпашылар жаттықтырушысы, Владимир Горячий - бейнесарапшы, Арыстанбек Баттаков - дәрігер, Станислав Ведлер - массажист

Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қатысуымен өтетін матчтар күнтізбесі:

04.06.2024

Әзербайжан U-20 – Қазақстан U-19

07.06.2024

Молдова U-20 – Қазақстан U-19

10.06.2024

Түркия U-20 – Қазақстан U-19

Бөлісу
Жоғары