Phygital Football-дан Қазақстан құрамасы БРИКС ойындарының күміс жүлдегері атанды

Phygital Football-дан Қазақстан құрамасы БРИКС ойындарының күміс жүлдегері атанды

24 маусым 2024, 09:28
Phygital Football-дан Қазақстан құрамасы Қазандағы (Ресей) БРИКС ойындарында күміс жүлдені жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы жарысты С тобында бастап, Бразилияны 5:4 есебімен жеңді. Ширек финалда Венесуэла, ал жартылай финалда Беларусь құрамаларынан басым түсті.

Финалда Қазақстан құрамасы Ресеймен кездесіп, 7:9 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша, біздің құрама «БРИКС ойындарының» күміс жүлдегері атанды.

Бөлісу

Жаңалықтар

17 мау., 15:50
Жоғары