Қазақстан әйелдер құрамасының Румыния мен Болгарияға қарсы ойындарға арналған құрамы

Қазақстан әйелдер құрамасының Румыния мен Болгарияға қарсы ойындарға арналған құрамы

02 шілде 2024, 20:00
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында Румыния және Болгарияға қарсы өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады.

Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі матчтарына дайындығын Алматы қаласында өткізеді. Румынияға қарсы алғашқы матч 12 шілдеде Алматының Орталық стадионында стадионында өтеді деп жоспарланған. Ал Болгарияға қарсы ойын 16 шілде күні София қаласында «Славия» стадионында өтеді. 

Қазақстан әйелдер құрамасы ойыншыларының кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар: Ангелина Портнова («Луссо Найк», Грузия), Виктория Зейнали, Назым Исмайлова (екеуі де – «Томирис-Тұран»);

Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Александра Бурова, Камила Совет (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Милана Егиазарян («Қайрат»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Айгерім Айтымова, Қазына Норбаева (екеуі де – «Ордабасы»), Мария Демидова («Минск», Беларусь);

Жартылай қорғаушылар: Аида Гайстенова («Звезда-2005», Ресей), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Адина Ізімбаева, Анель Досболова (екеуі де – «Қайрат»), Камила Құлмағамбетова, Бибігүл Нұрышева, Әселхан Тұрлыбекова, Ксенья Хайрулина, Жанеля Ержанова, Маргарита Талдыкина (бәрі – «БИІК-Шымкент»),  Аяжан Қожабекова («Ақсу»), Милана Ткач («Ордабасы»), Әсем Қаражанова («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Валерия Попова («БИІК-Шымкент»), Әмина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – «Қайрат»);

Бапкерлер штабы: Мадияр Кембілов – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушы, Мұрат Мұқашев – қақпашылардың жаттықтырушысы, Расул Маруа – сарапшы бапкер, Еркебұлан Нұралиев – дәрігер, Максим Дудукин – массажист, Ердос Кәлімов – массажист, Болат Тыныбек – қауіпсіздік офицері, Серік Жугралин – менеджер.

Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі (Астана уақыты көрсетілген):

12.07.2024 

Қазақстан W – Румыния W – 19:00

«Орталық» стадион, Алматы

 

16.07.2024 

Болгария W – Қазақстан W – 22:00

«Славия», София (Болгария)

«OLIMPBET» букмекерлік кеңсесі – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры – Қазақстан әйелдер футбол командасының бас серіктесі

«Sport Qory» спортты қолдау қоры Қазақстан құрама командаларының серіктесі 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары