ТАЛҒАТ БАЙСУФИНОВ: «ТЕҢ ЕСЕП - ЗАҢДЫЛЫҚ»

ТАЛҒАТ БАЙСУФИНОВ: «ТЕҢ ЕСЕП - ЗАҢДЫЛЫҚ»

04 маусым 2018, 15:32
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов Әзірбайжанмен өткен ойын туралы өз пікірін білдірді:

– Тең есеп – заңдылық. Екінші таймда жақсы ойнадық. Голды пенальтиден салдық. Басқа да мүмкіндіктер болды. Гол соғатын сәттерді пайдалана алмау – басты кемшілік. Біздің ойын әртүрлі бөліктен тұрды. Кейін футболшылармен бірге талдайтын боламыз. Біздің ойыншылар үшін қиындау болғаны анық. Өйткені, екі күн ішінде тез дайындық жүргіздік. Тактикалық дайындық жоспары бойынша екі жартылай қорғаушы Юрий Перцух пен Ринат Жұматовты пайдаланғымыз келген. Сондай-ақ қарсыласымыз да біздің ойын жүйемізді жақсы зерттеп тастапты. Қапталдағы қорғаушыларын шабуылға араластырып отырды. Жоспарымызды жүзеге асыруға уақыт бар. Келесі ойын 8 маусым күні өтеді. Бірінші лиганың 1998 жылғы футболшыларынан құралған Қазақстан құрамасы қарсылас атанады. Олар келесі іріктеу кезеңіне қатысады. Біздің командадағы 1998 және 1999 жылғы футболшыларды сол құраманы күшейту үшін береміз. Іріктеу кезеңін аяқтайтын және бастайтын командалардың ойынын қарау қызықты болмақ.

– Дидар Жалмұқанның жарақаты бар ма? Ойыншыны неге ерте ауыстырдыңыз?

– Жоқ, Дидар – іріктеу кезеңі көшбасшы ойыншы болып бастаған біздің команданың капитаны. Ол алған жарақатынан айығып, Бірінші лиганың «Ақтөбе-Жас» командасында ойын формасын қайта жинай бастады. Ойынның 25-минутынан кейін ол үшін ауыр болды. Оның міндеті – қарсыластың шабуылын бағыттап, орталық қорғаушыларды бөліп тастау болды. Оның ойыны бәсеңдеген сәтте қарсылас біздің ашық аймаққа аз күшпен болса да ене бастады. Тек осы себеп үшін ғана оны ауыстырдық. Иван Антиповтың орнына Олег Чепрасовты шығарғымыз келген. Алайда, Иван Антипов бүгін өте жақсы ойнады. Сол үшін рахмет айтамын.

– Әзірбайжан құрамасында Еуропа Чемпионатындай ойнайтын футболшылар бар.  Ал, біздің барлық дерлік ойыншылар Қазақстан чемпионатында ойнайды. Бүгін сол айырмашылық байқалды ма?

– Бүгін біз Бельгияның үшінші лигасында ойнайтын Олег Чепрасов пен Беларусь елінің Бірінші лигасында доп тебетін Жаһонгир Ходжамовты алаңға шығардық. Екі ойыншы да ойын жүйесі мен жылдамдығын жақсы қабылдады. Қарсыластың қатарында Германия, Португалия және Чехия елдерінде ойнайтын футболшылар бар. Кавказ футболының техникалық шеберлігін де ұмытпаңыздар. Тәртіп пен философия қалыптасқан. 

Бөлісу
Жоғары