ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ СЫРТ АЛАҢДА БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНАНЫ ҰТТЫ

ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ СЫРТ АЛАҢДА БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНАНЫ ҰТТЫ

12 маусым 2018, 23:54
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінде кезекті кездесуін сырт алаңда Босния және Герцеговина құрамасымен өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймда Босния және Герцеговина құрамасының ойыншысы Амира Спахич өз қақпасына гол соғып алды. Екінші таймда Қазақстан құрамасының ойыншысы Екатерина Бабшук алысттан бағыттаған тура соққысымен есепті еселеді.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын 30 тамыз күні сырт алаңда Ресей құрамасымен өткізеді.

Босния және Герцеговина - Қазақстан - 0:2 (0:1)

Голдар: Спахич (автогол) 33, Бабшук 74.

Ескерту: Таслиджа 79 — Құлмағамбетова 18, Жұмабайқызы 55

Босния және Герцеговина: Хасанбегович Э., Шакотич, Спахич Ам. (Раделич 51), Хасанбегович М., Медич, Хаджич А., Николич, Спахич Ал., Кулиш Л., Камерич (Капетанович 46), Кршо (Таслиджа 72)

Қазақстан: Железняк, Қожахмет, Гайстенова, Қырғызбаева (к), Нұрышева, Құлмағамбетова, Кәрібаева (Власова 89), Ходжашева, Бортникова, Бабшук, Жұмабайқызы (Тұрлыбекова 80).

Бас төреші: Реэлика Тури (Эстония)

12 маусым 2018 жыл. Зеница қаласы.

Фото: Босния және Герцеговина футбол федерациясының баспасөз қызметі

Бөлісу
Жоғары