ГУРБАН ГУРБАНОВ: «МЕНІҢ КОМАНДАМНЫҢ ЖАҚСЫ ОЙЫН КӨРСЕТІП, ОҢ НӘТИЖЕГЕ ЖЕТКЕНІН ҚАЛАЙМЫН»

ГУРБАН ГУРБАНОВ: «МЕНІҢ КОМАНДАМНЫҢ ЖАҚСЫ ОЙЫН КӨРСЕТІП, ОҢ НӘТИЖЕГЕ ЖЕТКЕНІН ҚАЛАЙМЫН»

04 маусым 2018, 18:43
Әзірбайжан Ұлттық құрамасының бас бапкері Гурбан Гурбанов Қазақстанмен ойын алдында өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сауалдарына жауап берді.

– Өте қызықты ойын күтіп тұр. Қарсыласымыз мықты. Жаңа бапкер Станимир Стоилов соңғы жылдары көп табысқа жетіп жүр. Қазақстан құрамасы жақсы ойнайды. Қарсыласты толықтай зерттеп, маңызды мәліметтерді футболшыларға жеткізе алдық деп ойлаймын. Менің командам жақсы ойын көрсетіп, оң нәтижеге жеткенін қалаймын.

– Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері небәрі екі ойын өткізді. Қарсыластың әлсіз және мығыи тұстарын айтып өтесіз бе?

– Венгрия мен Болгария құрамаларымен ойынға талдау жасап шықтым. Команда тәртіпті ойнап, жылдам қарымт шабуылға ұмтылады. Шабуылда да, қорғаныста да футболшылар үйлесімді ойнайды. Мұндай қарсыласқа қарсы ойнау қиын болады.

– Қазақстан құрамасы жас ойыншылардан жасақталған. Негізгі құрамнан көшбасшы футболшыны атап көрсете аласыз ба?

– Қарсыластың қатарындағы әлдебір футболшыны жекелей көрсету менің қағидама сай келмейді. Ешқашан айтқан емеспін. Өзімнің қағидамды өзгертпеймін. Қазақстан туралы барлық ақпаратты шәкірттеріме ұсындым.

– Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары соңғы жылдары жиі кездесіп жүр. Жолдастық кездесуге қандай дайындықпен келдіңіздер?

– Әр ойында жеңіске жету үшін алаңға шығамыз. Ертеңгі ойын да біздің жоспарымызға енеді. Біздің футболшылардың көбі Қазақстанға қарсы ойнады. Қарсыласты жақсы таныған соң ескі қателіктерді жібермеуге тырысасың.
 

Бөлісу
Жоғары