«Қайсар» еурокубокта ойнайтын қазақстандық клубтарды қолдап, акцияға қатысты

«Қайсар» еурокубокта ойнайтын қазақстандық клубтарды қолдап, акцияға қатысты

14 шілде 2018, 12:18
Қызылорда облыстық футбол федерациясы, «Қайсар» командасының ойыншылары, жаттықтырушылар штабы, клуб жетекшілері мен қызметкерлері Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының бастамасын қолдап, бұқаралық шараға қатысты.

«Қайсар» футбол клубы эстафетаны қарағандылық «Шахтердан» алды. Қызылорда қаласындағы «Локомотив» стадионында президенттік жүгіруге қатысу үшін 50-ге тарта адам жиналды. Бұқаралық шараға қатысуға ниет білдіргендердің арасында негізгі және жастар командасының ойыншылары мен жаттықтырушылары, әкімшілік қызметкерлері болды. Мақсат – Астананың 20 жылдығымен құттықтау және отандық командаларды еурокубок маусымында қолдау.

Шараны облыстық футбол федерациясының президенті Қайрат Ерназаров ашып, мәреден кейін «Қайсар» футбол клубының директоры Серік Досманбетов сөз сөйледі.

«Қайсар» футбол клубы эстафетаны «Ақжайық» футбол клубына табыстады. Алға, Қазақстан! Алға, футбол!

Бөлісу
Жоғары