Семейде «Былғары доп» турнирінің финалдық кезеңі басталды

Семейде «Былғары доп» турнирінің финалдық кезеңі басталды

14 шілде 2018, 19:52
Семейде «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының финалық кезеңі басталды.

Турнирге 2007-2008 жылғы жасөспірім балалардан құралған 8 команда қатысып жатыр. Олар Алматы мен Семей қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының ұжымдары. Барлық ойындар «Цементник» стадионында өтеді.

Жарыстың алғашқы екі күні сегіз ойын ойналды.

«А» тобының нәтижелері:

Атырау облысы – Шығыс Қазақстан облысы – 3:1

Павлодар облысы – Маңғыстау облысы – 4:0

Павлодар облысы – Атырау облысы – 3:1

Шығыс Қазақстан облысы – Маңғыстау облысы – 2:0.

«В» тбының нәтижелері:

Семей – Алматы – 0:0

Батыс Қазақстан облысы – Қарағанды облысы– 3:0

Семей – Батыс Қазақстан облысы – 1:0

Алматы – Қарағанды облысы – 0:0.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары