Азамат Айтқожин: «Астана» - шеберлігі жоғары команда»

Азамат Айтқожин: «Астана» - шеберлігі жоғары команда»

02 тамыз 2018, 01:40
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин «Астана» командасын Чемпиондар Лигасының үшінші кезеңіне шығуымен құттықтады: 

- «Мидтьюлландпен» өткен ойын қиынға түсті. Алайда, біздің команда қорғаныста қарап отырмай, үнемі шабуылдады. Олар ең жақсы қорғаныс - шабуыл екенін жақсы түсінді. «Астананың» шеберлігі жоғары команда екені байқалды. Дания футболшылары қонақтардың қақпасының алдында қауіпті сәттер жасай алмады. Бұл жерде Қазақстан чемпионының еңбегі бар.

«Астана» командасына Чемпиондар Лигасында табыс тілей отыра, отандық футболдың абыройын асқақтата беруін тілеймін, - деді Айтқожин. 
 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары