УЕФА аудиторлық тексерісі өтті

УЕФА аудиторлық тексерісі өтті

08 тамыз, 14:00
Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау (сертификация) және аттестация департаментінде УЕФА-ның аудиторлық тексеру жүргізілді.

6-7 тамыз күндері Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау (сертификация) және аттестация департаментінде сапа менеджементі жүйесінің талаптарына сәйкес, УЕФА аудиторлық тексерісі өтті.

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағынан Астанаға арнайы «SGS  «EAST  Limited» компаниясының өкілдері келді. Аудиторлық тексерістен сәтті өтіп, сертификат алу - Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау (сертификация) және аттестация департаментіне УЕФА стандарттары бойынша футбол клубтарын лицензиялауға құқық береді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары