Футзалдан Қазақстан Студенттер құрамасы плей-офф кезеңіне шықты

Футзалдан Қазақстан Студенттер құрамасы плей-офф кезеңіне шықты

22 тамыз 2018, 10:40
Футзалдан Қазақстан Студенттер құрамасы Алматыда өтіп жатқан Әлем Чемпионатында өз тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. 

Топтық кезеңнің шешуші ойынында біздің құраманың ойыншылары Беларусьпен тең түсті - 1:1.

Кездесудің тоғызыншы минутында Арнольд Кнауб есеп ашып, Қазақстанды алға шығарды. Беларусь құрамасы араға бес минут салып таразы басын теңестірді. 

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде жеті ұпай жинап, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты. 

 

Бөлісу
Жоғары