Қазақстан құрамасы U-16 алғашқы ойында Тәжікстан құрамасына U-17 жол берді

Қазақстан құрамасы U-16 алғашқы ойында Тәжікстан құрамасына U-17 жол берді

24 тамыз 2018, 17:37
Қазақстан Президенті Кубогы халықаралық турнирінің алғашқы ойынында Қазақстан U-16 мен Тәжікстан U-17 құрамалары кездесті.

Алаң қонақтары ойынның басында жылдам гол соқты. Есеп ашқан Сунат Исмаилов. Ойынның қалған бөлігі тартысқа толы болды. Қазақстан құрамасының таразы басын теңестіретін сәттері көп болды. Алайда, ойыншыларға дәлдік жетіспеді. Тәжікстан құрамасы ойынның негізгі уақытына қосылған үш минутта екі гол соғып, жеңіске жетті. Гол авторлары -  Ахмодхан Эмомали және Ислам Зоиров.

Қазақстан құрамасы U-16 келесі ойынын 26 тамыз күні «Краснодар» академиясына қарсы ойнайды.

Қазақстан U-16 - Тәжікстан U-17 - 0:3 (0:1)

Голдар: Сунат Исмаилов 6, Ахмодхан Эмомали 90+1, Ислам Зоиров 90+2

Ескерту: Шахром Назаров 27, Мухамад Лифтулаев 54,  Александр Широбоков 58, Арсен Азатов 72,

Қазақстан U-16: Мұхаммед Тұмашбаев, Александр Широбоков (к), Егор Ткаченко, Теңізбай Әбдірахманов, Мағжан Бауыржан, Абзал Қалау, Иван Свиридов (Байжан Мәделхан 47), Нұрғайни Бөрібаев (Бекзат Мұсабаев 70), Дінмұхаммед Нышантай, Арсен Азатов (Нұртас Иманғалиев 74), Әсет Кончиев (Әділет Қуаныш 59).

Тәжікстан U-17: Мухридин Хасанов, Шахром Назаров, Исроил Холов (Шохрух Сангов 52), Чонибек Шарипов, Мухамад Лифтулаев, Шариф Рахматов (Амадони Камолов 63), Нидоер Забиров (к) (Хамза Ахтамов 90+3), Ибрагим Закиров (Ислам Зоиров 51), Умер Холиков (Озод Панчиев 41), Мухаммад Азизбоев (Рустам Саиров 55), Сунат Исмаилов (Ахмодхан Эмомали 51),

Төрешілер: Нұрлан Ақынжанов, Антон Сысоев, Евгений Карпов, Сергей Ноженко, Дархан Ескендір, Марал Әбдікеров (барлығы - Қазақстан)

24.08.2018. Алматы, «Талғар» СЖБ.

Бөлісу
Жоғары