Қазақстан U-17 құрамасы Әзірбайжанмен тең түсті

Қазақстан U-17 құрамасы Әзірбайжанмен тең түсті

26 тамыз 2018, 20:43
Қазақстан Президенті Кубогы жарысының үшінші күні Қазақстан U-17 мен Әзірбайжан U-17 құрамалары тең ойнады - 1:1.

Алғашқы таймда Александр Бовкун есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Алайда, біздің футболшылар жеңісті ұстап тұра алмады. Әзірбайжан шабуылшысы Муса Гурбанлы ойынның аяқталуына он минут қалғанда таразы басын теңестіріп кетті.

Әзірбайжан құрамасы топтан бірінші орынмен шығып, 28 тамыз күні өтетін финалға жолдама алды. Қарсыласы - ресейлік «Краснодар» академиясының футболшылары. 

Қазақстан U-17 құрамасы үшінші орын үшін өтетін матчта Тәжікстанмен ойнайды. 

Әзірбайжан U-17 – Қазақстан U-17 – 1:1 (0:1)

Голдар: Муса Гурбанлы 71 - Александр Бовкун 15

Ескерту: Лев Кургин 30, Айбар Құсайынов 51, Вейсал Рзаев 57, Муса Гурбанлы 72, Ибрагим Новрузов 72, Ален Айманов 80

Алаңнан қуылған ойыншы: Муса Гурбанлы 79 (екінші ескерту)

Әзірбайжан U-17: Вюсал Шабанов, Немат Мусаев, Немат Шихамиров, Руфат Ахмедов, Ника Бачалиашвили, Ибрагим Новрузов (Эмиль Гулузаде 54), Вейсал Рзаев (к), Самир Абдуллаев (Фарид Юсуфли 57), Джавидан Аббасзаде (Эмиль Мамедов 76), Рауф Магеррамов (Самир Магеррамли 60), Муса Гурбанлы.

Қазақстан U-17: Константин Пузанов, Роман Балута, Дамир Қасаболат (к), Юрий Аханов, Лев Кургин (Владислав Бутырин 40+1), Максим Самородов (Айбар Құсайынов 45), Александр Бовкун (Омар-Василь Нұртаев 57), Ғалымжан Кенжебек (Ғани Сүлеймен 76), Әділхан Добай, Ринат Серікқұл (Ален Айманов 45), Кахрамон Хасанов.

Төрешілер: Александр Затула, Евгений Карпов, Антон Сысоев, Нұрлан Ақыннжанов, Саят Қарабаев, Дархан Төлегенов (барлығы - Қазақстан).

26.08.2018. Алматы, «Талғар» СЖБ.

Бөлісу
Жоғары