«Краснодар» U-17 - ҚР Президенті Кубогының иегері!

«Краснодар» U-17 - ҚР Президенті Кубогының иегері!

28 тамыз 2018, 20:40
ҚР Президенті Кубогының финалында «Краснодар» U-17 академиясының командасы матч соңындағы пенальти сериясында Әзірбайжан U-17 құрамасынан басым түсті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 11-ші Кубогының финалы аса тартысты өтті. Шешуші ойында ресейлік «Краснодар» U-17 командасы мен 17 жасқа дейінгі Әзірбайжан құрамасы кезедсті.

Кездесудің отызыншы минутында ресейлік футболшылар жасыл алаңда он ойыншымен қалды. Екінші сары қағазын алған Никита Фурин алаңнан қуылды.

Ойыншылар санының басымдығына ие болған Әзірбайжан құрамасы есеп ашуға жақын болды. Алайда, «Краснодар» ойыншылары қақпасын голдан құтқарып, ойын матч соңындағы пенальти сериясымен жалғасты.

Әзірбайжан футболшылары пенальти сериясына дайын болмады. Олардың тепкен үш соққысының екеуі қақпадан биік кетсе, біреуін «Краснодар» қақпашысы Денис Мухин қайтарды. Ал, «Краснодар» футболшылары үш соққыны дәл орындады.

Пенальти сериясында 3:0 есебімен жеңіске жеткен «Краснодар» футболшылары Қазақстан Республикасы Президентінің 11-ші Кубогының жеңімпазы атанды.

 

«Краснодар» U-17 – Әзірбайжан U-17 – 0:0 (0:0). пенальти сериясы - 3:0

Ескерту: Давид Кокоев 20, Никита Фурин 21, Максим Храмцов 30, Фарид Юсуфли 65, Вейсал Рзаев 67

Алаңнан қуылған ойыншы: Никита Фурин 30 (екінші ескерту)

«Краснодар» U-17: Денис Мухин, Даниил Пунегов, Сергей Новиков, Никита Фурин, Максим Храмцов (Ираклий Манелов 41), Дмитрий Кратков, Богдан Рейхмен, Давид Кокоев (к) (Валерий Фоменко 65), Сергей Волков, Ислам-бек Губжоков, Олег Ознобихин.

Әзірбайжан U-17: Вюсал Шабанов, Немат Мусаев, Эмиль Мамедов, Немат Шихамиров, Руфат Ахмедов, Фарид Юсуфли, Вейсал Рзаев (к), Асиф Мирзаев (Эмиль Гулузаде 16, Ибрагим Новрузов 65), Самир Абдуллаев, Самир Магеррамли (Ника Бачиалиашвили 76), Джавидан Абасзаде.

Төрешілер: Александр Затула, Марал Әбдікеров, Дархан Төлегенов, Дархан Ескендір, Саят Қарабаев, Антон Сысоев (барлығы - Қазақстан).

28.08.2018. Алматы, «Талғар» СЖБ.

 

ҚР Президенті Кубогының қорытындысы:

1. «Краснодар» академиясы U-17

2. Әзірбайжан U-17

3. Тәжікстан U-17

4. Қазақстан U-17

5. Қазақстан U-16

6. Қырғызстан U-17

 

Турнирдің қорытындысы бойынша келесі аталымдар бойынша үзідк ойыншылар анықталды:

Үздік қақпашы - Мухридин Хасанов (Тәжікстан U-17)

Үздік қорғаушы - Егор Ткаченко (Қазақстан U-16)

Үздік жартылай қорғаушы - Вейсал Рзаев (Әзірбайжан U-17)

Үздік шабуылшы - Муса Гурбанлы (Әзірбайжан U-17)

Үздік сұрмерген - Олег Ознобихин («Краснодар» академиясы U-17)

Үздік ойыншы - Ислам-бек Губжоков («Краснодар» академиясы U-17)

 

Бомбардиры Кубка Президента:

Олег Ознобихин («Краснодар» академиясы U-17) - 3 гол

Ислам-бек Губжоков («Краснодар» академиясы U-17) -3

Муса Гурбанлы (Әзірбайжан U-17) - 2

Иван Свиридов (Қазақстан U-16) - 2

Ислом Заиров (Тәжікстан U-17) - 2

Әділхан Добай (Қазақстан U-17) - 2 (1- пенальти).

 

Марапттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, отандық футболдың танымал бапкерлерлі Ваит Талғаев пен Вахид Масудов қатысты.

Бөлісу
Жоғары