Қазақстан әйелдер құрамасы жолдастық кездесуде жеңіске жетті

Қазақстан әйелдер құрамасы жолдастық кездесуде жеңіске жетті

28 тамыз 2018, 18:02
Қазақстан әйелдер құрамасы Мәскеуде оқу-жаттығу жиыны аясында жолдастық кездесу өткізді.

Рәзия Нүркенова шәкірттері Реутов (Мәскеу облысы) қаласының «ПриАлит» командасымен кездесіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Сәуле Кәрібаева  бір рет көзге түссе, Арайлым Орынбасарова хет-трик авторы атанды.

30 тамыз күні Қазақстан әйелдер құрамасы Мәскеуде 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінің ойынын Ресей құрамасымен өткізеді.

Қазақстан - «ПриАлит» - 4:0 

Голдар: Кәрібаева, Орынбасарова, Орынбасарова, Орынбасарова.

28.08.2018. Реутов, «Локомотив-Перово» стадионы

 

 

Бөлісу
Жоғары