Жанкүйерлермен жүздесу

Жанкүйерлермен жүздесу

31 тамыз 2018, 21:17
Елордадағы «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншылары Бауыржан Исламхан және Бауыржан Тұрысбектің қатысуымен промоакция өтті. Жанкүйерлермен кездесу шарасы жаңа еуропалық турнир УЕФА Ұлттар лигасының қарсаңында алғашқы акция болды.

Мерекелік демалыс күні сауда орталығына жиналған жанкүйерлер футболшыларды асыға күтті. Жүргізушілер жиналған жұрттың көңіл-күйін көтеріп, әртүрлі ойындар ұйымдастырды. Сауда орталығының қонақтары жүргізушілер дайындаған байқауларға қатысып, әртүрлі сыйлықтарға ие болды.

Кеште танымал қазақстандық орындаушы Алмас Кішкенбаев өлең айтып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Шараның ең басты бөлігі еліміздің бас құрамасының ойыншылары Бауыржан Исламхан және Бауыржан Тұрысбектің қатысуымен қолтаңба алу сәті болды.

Келесі промоакция ертең, сағат 14:00-де «Asia Park» сауда орталығында өтеді. Жанкүйерлермен Қазақстан құрамасының ойыншылары Еркебұлан Сейдахмет пен Бактиер Зайнутдинов жүздеседі.

Бөлісу
Жоғары