19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гранаткин мемориалында қырғыз футболшыларынан жеңіліп қалды

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гранаткин мемориалында қырғыз футболшыларынан жеңіліп қалды

30 тамыз 2018, 17:36
Қазақстан құрамасы халықаралық турнирдегі алғашқы ойынын өткізген болатын.

Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Борубаев кездесудің сегізінші минутында есеп ашты. Ойынның отызыншы минутында Қазақстан құрамасы он ойыншымен қалды. Жасыл алаңнан екінші ескертуіне байланысты Владислав Прокопенко алаңнан қуылды.

Он минуттан соң Гүлжігіт Борубаев ойындағы екінші голын соғып, есепті еселеді. Бірінші таймның соңғы минутында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Лев Скворцов есеп айырмасын қысқартты.

Екінші таймда есеп өзгерген жоқ. Қазақстан құрамасы келесі ойынын 1 қыркүйек күні Түркия U-19 құрамасымен өткізеді.
 

Қырғызстан U-19 - Қазақстан U-19 - 2:1 (2:1)

Голдар: Борубаев 8, 40 - Скворцов 45

Ескерту: Борубаев 52, Алыкулов 84 - Прокопенко 15, Ваганов 28, Сагнаев 42, Кашкен 71, Караман 81, Совет 84

Алаңнан қуылған ойыншы: Прокопенко 30 (екінші ескерту)

Қырғызстан U-19: Токотаев, Айтбаев, Джакыбалиев, Каныбеков (Есин 80), Ташиев (к), Шамурзаев, Алыкулов, Артыкбаев (Орозбек Уулу 76), Борубаев, Сыдыков, Тимур Уулу (Абилов 68).

Резерв: Прядкин, Кумарбай Уулы, Артюков, Жапаров.

Қазақстан U-19: Устименко, Әйтім, Қашкен (к), Совет, Шәмші, Жақыпбаев, Сағынаев (Қайыркенов 85), Скворцов (Кеңесов 85), Усачев (Ульшин 67), Ваганов (Қараман 64), Прокопенко.

Резерв: Саенко, Жұмаділов, Нұрсейітов, Красноперов, Глазунов.

Төрешілер: Буховец, Калинин, Пелых.

30.08.2018. Санкт-Петербург. «Рощино Арена».

Бөлісу
Жоғары