Чемпиондар Лигасы. «БИІК-Қазығұрт» командасы «Барселонаны» ұтты

Чемпиондар Лигасы. «БИІК-Қазығұрт» командасы «Барселонаны» ұтты

12 қыркүйек, 19:20
Шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар Лигасының 1/16 финалының алғашқы ойынында Испанияның «Барселона» командасын ұтты.

Ойын Шымкент қаласында өтті. «БИІК-Қазығұрт» бірінші таймның соңында есеп ашты. «Барселона» капитаны Алексия Путельяс өз қақпасына гол соғып алды.

Екінші таймда қазақстандық команда есепті ұлғайта түсті. Фазила Иквапут екінші голды соқты. Ойынның 60-минутында Гүлнара Габелия испаниялық команданың қақпасына үшінші голын соқты.

Алты минуттан кейін «Барселона» есеп айырмасын қысқартты. Гол авторы - шабуылшы Тони Дагган.

Қорытынды есеп - 3:1.

Қарымта ойын 26 қыркүйек күні Испанияда өтеді.

 

«БИІК-Қазығұрт» - «Барселона» (Испания) - 3:1 (1:0)

Голдар: Алексия Путельяс 45+6, Фазила Иквапут 49, Гүлнара Габелия 60 - Тони Дагган 66.

Бөлісу
Жоғары