Арқалықта ашық чемпионат өтті

Арқалықта ашық чемпионат өтті

14 қыркүйек 2018, 10:06
Арқалық қаласында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен қалалық ашық чемпионат ұйымдастырылды.

Отыз жыл тарихы бар турнирде әр жылдары танымал футболшылар ойнады. Олардың қатарында Серік Қорқытпаев, Юрий Довбыш, Әлібек Кәрімов, Сәлім Ешмұқамбетов, Тимур Кумашев, Сергей Трофимов, Юрий Лисицын және басқа да торғай фубол мектебінің түлектері бар. 

Биыл турнирге алты команда қатысты. Жарыс қожайындары «Арқалық» командасы бірінші орынды иеленіп, екінші орын «Горняк» командасына бұйырды. Үшінші орында- «Локомотив». 

Бөлісу
Жоғары