Қазақстан футбол федерациясы «Астананы» құттықтайды!

Қазақстан футбол федерациясы «Астананы» құттықтайды!

21 қыркүйек 2018, 01:06
Қазақстан футбол федерациясының жетекшілігі Еуропа Лигасының топтық кезеңін табысты бастаған «Астана» футбол клубын құттықтайды! Григорий Бабаян шәкірттері сырт алаңда Киевтің «Динамо» командасымен 2:2 есебімен тең ойнады.

«Динамо» - Шығыс Еуропаның ең табысты клубтарының бірі. Алайда, қарсыластың атақ-даңқына қарамастан Қазақстан чемпионы оң нәтижеге қол жеткізді. Тең ойын турнирдің плей-офф кезеңінің жолдамасы үшін күресуге мүмкіндік береді. Топтық кезеңнің қалған бес ойынында да «Астана» командасы лайықты ойын көрсететініне сенім мол.

«Астана» футбол клубына халықаралық аренада сәттілік тілейміз! Алға, Қазақстан!

Бөлісу
Жоғары