Кольдо Альварес: «Үшінші гол мен футболшының алаңнан қуылуы жағдайды қиындатып жіберді»

Кольдо Альварес: «Үшінші гол мен футболшының алаңнан қуылуы жағдайды қиындатып жіберді»

16 қазан, 23:50
Андорра құрамасының бас бапкері Кольдо Альварес матч соңындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Қазақстан құрамасының біздің ұжымнан мықты екенін айтқым келеді. Біздің құраманың ойынында мәселелер көп болды. Алғашқы таймда жақсы ойнадық деп есептеймін. Үшінші гол мен футболшының алаңнан қуылуы жағдайды қиындатып жіберді.

- Салқын ауа-райы мен стадионның жасанды алаңы ойынға әсер етті ме?

- Біз үшін оңай болмады. Алайда, біздің футболшылар кез келген алаңда ойнауға үйренген. Сол себепті аса маңызға ие болмады. Қазақстандық футболшылар үшін өз алаңында ойнау оңайырақ болды. Олар жоғары жылдамдықты көрсетті.

- Ойында көп ереже бұзылды. Кездесуге қойылған жоспарлардың бірі ме?

- Қорғаныстың бір түрі. Кез келген әдіс арқылы қорғануға тура келеді. Өйткені, допқа иелік ету мүмкін болмады.

- Бүгінгі ойынды Андоррада өткен кездесумен салыстырып қарасақ. Қарсылас қай жерден басым түсті?

- Қазақстан құрамасының ойыншылары толықтай ойынды қолға алды. Андорра ойыншылары қорғаныс пен орталық алаңда болды. Бүгінгі кездесу Грузиямен өткен ойынды еске түсірді.

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары