«Цементник» - Бауыржан Сәрсекеновті еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы

«Цементник» - Бауыржан Сәрсекеновті еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы

06 қараша, 11:17
Алматыда 28 қазан мен 2 қараша аралығында Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Бауыржан Сәрсекеновті еске алуға арналған турнир ұйымдастырылды. Жарысқа 2007 жылғы жасөспірімдерден құралған 16 команда қатысты.

Оның тоғызы - Қазақстаннан. «Қайрат» академиясынан 2007 және 2008  жылғы жасөспірімдер, «Арыстан», «OlzhaSports» (барлығы - Алматы), «Аманат» (Астана), «Жетісу» ФО (Талдықорған), СДЮШОР №17 (Шымкент), «Ақтөбе» ФО, «Цементник» (Семей), «Тараз» ФО.

Өзбекстанан төрт команда келді. Олар - «Пахтакор» (Ташкент) - 2007 және 2008  жылғы жасөспірімдері, «Бунедкор» (Ташкент) - 2007 және 2008 жылғы жасөспірімдері. Ресейден екі команда – «Алтай» (Барнаул) и «Сібір» (Новосібір).

Бірінші орынды Семейдің «Цементник» командасы жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды «Қайрат» академиясының 2007 және 2008 жылғы жасөспірім командалары бөлісті.

Бөлісу
Жоғары