Владимир Вайсс: «Қазақстан құрамасының ойыны Стоиловтің келуімен жақсы жағына қарай өзгерді»

Владимир Вайсс: «Қазақстан құрамасының ойыны Стоиловтің келуімен жақсы жағына қарай өзгерді»

18 қараша, 19:57
Грузия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Қазақстан құрамасы соңғы ойында Латвия құрамасын қабылдаған болатын. Сол ойында гол соғатын сәттер көп болды. Алайда, оның басым бөлігі жүзеге аспады. Қарсыластың ойыны туралы не айта аласыз?

- Ойынды қарап, талдап шықтым. Гол соғатын сәттердің көп болғаны рас. Латвияның қақпашысы құтқарды. Алайда, Қазақстан құрамасында ұйымдастырған шабуылды аяқтау мәселесі бар. Сырт алаңда Андорра және Латвиямен өткен ойындарда да байқалған еді. Соның арқасында біз өз тапсырмамызды орындадық. Ұпайымызды түгендеп, оң нәтижеге қол жеткіздік.

- Қазақстан құрамасы сияқты жастарды алаңға шығарасыз ба? Әлде негізгі құрамның ойыншыларына үміт артасыз ба?

- Ертең нәтиже үшін ойнаймыз. Тәжірибе жасауға уақыт жоқ. Көптеген футболшы жарақат алды. Көшбасшы ойыншылар жетіспейді. Футболда ешкім мұңын шақпайды. Топта бірінші орын алған футболшылар бар. Оларға алғысымды айттым. Футболшылар берілген мүмкіндікті пайдалана алды. Олар - Чакветадзе, Табидзе, Хочолава. Латвия және Андорра құрамаларымен алаңға шыққан футболшылар Қазақстанмен ойнайды. Ертең бірнеше мәжбүрлі өзгерістер болады. Алайда, артық ештеңе күтудің қажеті шамалы. Өйткені, бізде басқа футболшылар жоқ.

- Астанамен өткен ойыннан кейін Қазақстан құрамасының қатарында өзгерістер болғанын байқадыңыз ба?

- Қазақстан құрамасының ойыны Стоиловтің келуімен жақсы жағына қарай өзгерді. Сенімді ойнай бастады. «Астананың» ойынына ұқсас мәнерді қолдануға тырысты. «Қайратты» жаттықтырған жылдары чемпиондық атақты ала алмадым. Алайда, Грузия құрамасымен сырт алаңда жеңіске жеттім. Оның жұмысы әлі де жемісін береді деп сенемін. Стоилов – сауатты бапкер. Грузияға да, Қазақстанға да шабуылды сапалы түйіндеу жетіспейді. Бұл бағытта көп жұмыс атқару қажет.

Бөлісу
Жоғары