Премьер-лиганың футбол клубтарына арналған сертификациялау процесі басталды

Премьер-лиганың футбол клубтарына арналған сертификациялау процесі басталды

10 қаңтар, 12:27
Бүгін, 10 қаңтар күні футболдан Қазақстан Республикасының 2019 жылғы Чемпионатына және келесі маусымда УЕФА ұйымдастыратын жарыстарға қатысатын Премьер-лиганың футбол клубтарына арналған сертификациялау процесі басталды.

Премьер-лиганың футбол клубтары 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық критерий бойынша аудиторлық есеп тапсыруы тиіс. Сонымен қатар, әкімшілік, құқықтық, спорттық және инфрақұрылымдық құжаттар қабылданады. 

Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау және аттестациялау департаменті Премьер-лига клубтары ұсынған құжаттарға талдау жасап, қорытынды есепті Сертификация комиссиясына жібереді. 

Бөлісу
Жоғары