«Астана» футбол орталығында қыздар тобы ашылды

«Астана» футбол орталығында қыздар тобы ашылды

18 қаңтар 2019, 15:33
2019 жылдың қаңтарынан бастап «Астана» футбол орталығында қыздар тобына үміткерлер қабылдана бастады.

Қазақстан футбол федерациясының «Алға, Qazaqstan! Вперед, футбол!» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында «Астана» футбол орталығында қыздар тобы ашылды. Отандық футбол клубтарының футбол орталықтарында бір жастағы қыздар командасының болуы 2019 жылғы Сертификация ережесіне енгізілген. Бұл шешім елімізде қыздар футболын дамыту және насихаттау мақсатында қабылданды.

Қазіргі уақытта «Астана» футбол орталығында 2006-2007 жылғы қыздар қабылдана бастады. Футболшыларды Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Махаббат Досжанова жаттықтырады. Елордалық футбол орталығында қыздар арасында футболмен шұғылдануға қызығушылық күннен күнге артып келеді. Биыл «Астана» футбол орталығының командасы республикалық жарыстарға қатысады. 

Бөлісу
Жоғары