Футзалдан Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншыларының тізімі

Футзалдан Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншыларының тізімі

11 қаңтар, 17:46
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикардо Фигейра Силва жиынға 15 ойыншыны шақырды.

Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын 29 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Алматыда өткізеді. Дайындық барысында Хорватия құрамасымен екі жолдастық матч жоспарланған. 

 

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы:

Қақпашылары: Игита («Қайрат»), Салауат Байралиев («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Дінмұхамбет Сүлейменов, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас, Серік Жаманқұлов, Тайнан (барлығы - «Қайрат»), Альберт Ақбалықов, Нұрбек Қарағұлов, Қайрат Иманалин (барлығы - «Ақтөбе»), Азат Валиуллин («Аят»), Нұрсұлтан Пиялы («Жетісу»);

Жаттықтырушылар штабы: бас бапкер - Паулу Рикардо Фигейра Силва, бас бапкердің көмекшісі - Сергей Коридзе, дене даярлығын дайындайтын бапкер - Де Соуза Каррильо Луиз Круз, дәрігер - Хосильбек Тагаев, массажист - Айбек Есалинов, әкімгер - Жандос Кеңесов.

Бөлісу
Жоғары