Семейде мини-футболдан аймақтық турнир өтті

Семейде мини-футболдан аймақтық турнир өтті

11 қаңтар, 10:37
Шәкәрім атындағы университетте ұйымдастырылған аймақтық турнир өңірдегі футбол бапкерлерін еске алуға арналды. Аймақтағы футболды дамытуға үлес қосқандардың арасында Тұрсын Бейсембеков, Олег Власов, Виктор Дронкин, Виктор Царюков, Михаил Ходаев, Борис Ращупкин, Виктор Ольховский бар.

Турнир екі жас ерекшелігі бойынша ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушы командалардың саны – 14.

2011-12 жылғы балалар арасында жүлделі орынға ие болғандар: 3 орын - «Толағай» (Павлодар), 2 орын – «Барыс» (Өскемен), 1 орын - «Алтай»-2011 (Семей).

Турнирдің үздік ойыншылары:

Үздік қақпашы – Әлімжан Бақтақынов («Алтай»-2011, Семей)

Үздік қорғаушы – Тайыр Исламханов («Барыс», Өскемен)

Үздік шабуылшы– Елнұр Илал («Дерби», Семей)

Үздік ойыншы – Павел Волынкин («Толағай», Павлодар)

 

2007-08 жылғы жасөспірімдер арасында жүлделі орынға ие болғандар: 3-орын - «Семей»-1, 2-орын – «Семей»-2, 1-орын - «Цементник» (Семей).

Турнирдің үздік ойыншылары:

Үздік қақпашы – Нұрсұлтан Төлеуғазинов («Семей»-1)

Үздік қорғаушы – Әнуар Маратов («Цементник»)

Үздік шабуылшы – Артем Жилин («Семей»-2)

Үздік ойыншы – Артем Фриденталь («Цементник»)

 

 

Бөлісу
Жоғары