Қазақстан мен Хорватия құрамалары жолдастық матч өткізеді

Қазақстан мен Хорватия құрамалары жолдастық матч өткізеді

11 қаңтар, 17:39
Футзалдан Қазақстан құрамасы 29 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 13 орында тұрған Хорватия құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді. 

Қазақстан мен Хорватия арасындағы алғашқы ойын 1 ақпан күні Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. 2 ақпанға белгіленген екінші кездесу «Зенит» («Бағанашыл») спорт кешенінде ойналады. 

Айта кетейік, бразилиялық бапкер Паулу Рикардо Фигейра Силва жаттықтыратын Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. 

Бөлісу
Жоғары