«Ертісте» қыздар командасы ашылды

«Ертісте» қыздар командасы ашылды

11 қаңтар, 18:11
Павлодарлық «Ертістің» футбол орталығында 12-13 жастағы қыздар командасы ашылды.

Павлодар облысында әйелдер футболы дамудың жаңа жолын бастады. «Ертіс» футбол орталығында 12-13 жастағы қыздар командасы құрылды. Бұл футбол орталығындағы алғашқы қыздар командасы.

Қазақстан футбол федерациясының «Алға, Qazaqstan! Вперед, футбол!» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында жоба қолға алынды. Отандық футбол клубтарының футбол орталықтарында бір жастағы қыздар командасының болуы 2019 жылғы Сертификация ережесіне енгізілген. Бұл шешім елімізде қыздар футболын дамыту және насихаттау мақсатында қабылданды.

Павлодарлық қыздарды УЕФА-ның «С» категориясы бар Ксения Постовая жаттықтырады. Алты жыл жұмыс тәжірибесі бар бапкер қалалық және облыстық жарыстардың бірнеше жүлдегелерін дайындады.

Бөлісу
Жоғары