ҚФФ өкілдері Семейде футбол қоғамдастығымен кездесті 

ҚФФ өкілдері Семейде футбол қоғамдастығымен кездесті 

23 қаңтар 2019, 17:44
Семей қаласында Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев пен стратегиялық жоспарлау департаментінің Аян Әлжанов жергілікті футбол қоғамдастығымен кездесті. 

Шараға Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі Мұрат Құржықаев пен Семей қаласының футбол қауымдастығының директоры Александр Борисов, қалалық спорт ғимараттарының жетекшілері мен бұқаралық футбол командаларының өкілдері қатысты.

Басқосуда бұқаралық футболды дамыту, төрешілік және спорт ғимараттары туралы тақырыптар талқыланды.  

Бөлісу
Жоғары