«Ақтөбе» футбол клубында қыздар командасы ашылды

«Ақтөбе» футбол клубында қыздар командасы ашылды

22 қаңтар 2019, 09:45
«Ақтөбе» футбол клубының жанындағы футбол орталығында 12-13 жастағы қыздар арасында команда құрылды. Қыздар алғашқы жаттығуларын «Олимпиадалық резерв» спорт кешенінде өткізеді.

Команданы бапкер Азамат Жетпісбаев жаттықтырады. Айта кетейік, осы уақытқа дейін клубтың құрылымында қыздар командасы болмады. Футбол орталығына қабылданған қыздар бұған дейін де футболмен шұғылданып келеді. Енді олар «Ақтөбе» футбол клубының атымен жарысқа қатысады.

Қыздар командасының ашылуы Қазақстан футбол федерациясының «Алға, Qazaqstan! Вперед, футбол!» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында қолға алынды. Отандық футбол клубтарының футбол орталықтарында бір жастағы қыздар командасының болуы 2019 жылғы Сертификация ережесіне енгізілген. Бұл шешім елімізде қыздар футболын дамыту және насихаттау мақсатында қабылданды.

«Ақтөбе» футбол орталығы қыздар командасын ашқан үшінші мекеме. Бұған дейін Астана мен Павлодарда қыздар командасы ашылған еді.

 

Бөлісу
Жоғары