Оралхан Өміртаев: «Ұлттық құрамаға әрқашан қажет болғым келеді»

Оралхан Өміртаев: «Ұлттық құрамаға әрқашан қажет болғым келеді»

20 ақпан, 17:00
Қазақстан Ұлттық құрамасы мен қарағандылық «Шахтер» шабуылшысы Оралхан Өміртаев Молдовамен өтетін ойында Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің сауалдарына жауап берді:

- Оралхан, оқу-жаттығу жиыны бірнеше күнге созылды. Осы уақыт аралығында қандай жұмыстар атқарылды?

- Күніне екі рет жаттығу жасадық. Теориялық дәріске көп көңіл бөлінді. Бапкерлер жаңа жүйемен қалай ойнау қажет екенін айтты. Михал Билек не қалайтынын түсіндірді. Қызықты әрі пайдалы жаттығулар деп есептеймін.

- Бас бапкердер шабуылшыларға қойылған нақты талаптар бар ма?

- Негізінен командалық дайындық жүріп жатыр. Жеке тапсырмалар жоқ. Бапкерлер шабуылшыларға, жартылай қорғаушыларға және қорғаушыларға бөлек түсіндіреді.

- Ертең Қазақстан мен Молдова құрамалары жолдастық матч өткізеді. Ойын туралы қандай ой келеді?  

- Ұлттық құраманың жаңа маусымдағы алғашқы ойынын асыға күтеміз. Жанкүйерлер үшін жеңіске жетіп, жаңа маусымды жақсы көңіл-күймен бастауды қалаймыз.

- Ұлттық құрамада өз алдыңа қандай мақсат қоясыз?

- Әрине, ұлттық құраманың жақсы ойын көрсеткенін қалаймын. Ұлттық құрамаға әрқашан қажет болғым келеді. 2020 жылғы Еуропа Чемпионатында біздің топтың қарсыластарына лайықты қарсылық көрсеткіміз келеді.

- Михал Билек бірнеше тәжірибелі шабуылшыларды шақырды. Олар -  Алексей Щеткин, Роман Муртазаев және Бауыржан Тұрысбек. Бәсекелестіктен қорықпайсың ба?

- Аталған шабуылшылардың барлығының тәжірибесі мол. Жаттығуда ақыл-кеңестерін айтып, көмектеседі. Бір-бірімізбен жақсы араласамыз. Әр футболшы өз ісімен айналысады. Ал, ең үздігін бас бапкер таңдайды деп ойлаймын.

- 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластар туралы не ойласыз?

- Маңызды турнир. Салмақты қарсыластар. Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде қарапайым қарсылас жоқ. Іріктеу сынында жақсы нәтиже көрсетуге ұмтыламыз. Топтағы әр ойынға жақсылап дайындалу қажет.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары