Аймақтық футбол қауымдастықтарының жетекшілерінің қатысуымен басқосу өтті

Аймақтық футбол қауымдастықтарының жетекшілерінің қатысуымен басқосу өтті

18 ақпан 2019, 11:42
Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде аймақтық футбол қауымдастықтарының жетекшілерінің қатысуымен жұмыс жиыны өтті.  

Шара қатысушылары ең алдымен Футбол үйін аралап шықты. Жұмыс жиынын ашқан Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин футболды дамыту мен насихаттауда аймақтық футбол қауымдастықтарына жүктелген мақсаттар мен міндеттерге тоқталды.

Бұқаралық футбол департаментінің басшысы Ерлан Жамантаев өңірлердегі бұқаралық футболдың даму мәселелеріне назар аударып, әуесқой футболмен айналысатын қазақстандықтардың саны туралы мәліметтер базасының жұмысына баяндады.

Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірге жүзе асырып жатқан «Футбол сабағы» жобасына қатысты жұмыстарды балалар және жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Игорь Утробин айтып шықты. Сонымен қатар, ол аймақтардағы балалар мен жасөспірімдердің жарыстарына қатысты жаңа ақпараттармен бөлісті.

Қазақстанның аймақтарындағы «Жас төрешілер мектебі» қызметі туралы баяндаманы Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалу департаменті директорының орынбасары Эдыген Юмашев таныстырды. Ол аймақтық футбол қауымдастықтарының аталған жобаға қолдау білдіруге қажет екенін көрсетті.

Әрі қарай жиынды Қазақстан футбол федерациясының стратегиялық даму департаментінің директоры Аян Әлжанов жалғастырды. Ол аймақтық және жергілікті қауымдастықтарды қаржыландыру мақсатында ашылған «Гол» бағдаралмасының негізгі ережелерімен таныстырды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстандағы барлық футбол нысандары көрсетілген арнайы карта әзірленіп жатыр. Бұл еліміздегі баламасы жоқ теңдесіз жобалардың бірі.

Бөлісу
Жоғары