Дмитрий Шомко: «Бүгінгі ойын тәжірибе мен жастықтың жиынтығынан құралды»

Дмитрий Шомко: «Бүгінгі ойын тәжірибе мен жастықтың жиынтығынан құралды»

22 ақпан 2019, 02:08
Қазақстан Ұлттық құрамасының және «Астана» футбол клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко Молдовамен өткен ойын туралы өз пікірін білдірді:

- Өте жақсы ойын болды. Гол соғатын сәттер көп болған жоқ. Ең бастысы қақпамызға гол жібермедік. Алға қойған тапсырмалардың барлығын орындап, бүгінгі ойында жеңіске жеттік деп ойлаймын.

- Жаңа ойыншылардың алаңға шығуы қаншалықты ойынға әсер етті?

- Бүгін ұлттық құрамада алғашқы ойындарын өткізген футболшылар көп болды. Олар жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықты. Алға үлкен қадам жасады. Көзге көрінетіндей қателік болмады. Бүгінгі ойын тәжірибе мен жастықтың жиынтығынан құралды.

- Жаңа бапкер Михал Билектің келуімен не өзгерді?

- Барлығы өзгерді. Басқа талап қойылды. 3-5-2 жүйесіне көштік. Жаттығу процесінде де өзгерістер бар.

- Жанкүйерлерге айтарыңыз...

- Ұлттық құраманың барша жанкүйерлерін 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу ойындарында қолдау көрсетуге шақырамын. Өте қиын болатыны түсінікті. Алайда, біз бірінші кезекте жанкүйерлер үшін ойнаймыз. Барлығыңызды стадионда көргіміз келеді. Әр жанкүйердің қолдауын сезгіміз келеді. Қазақстанның абыройын қорғау үшін әр ойыншы жанын салады. Күмән келтірмеулеріңізге болады. Бәріміз бірге оң нәтижеге қол жеткіземіз.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары