Қазақстан жастар құрамасы «Antalya Cup 2019» турниріне қатысады

Қазақстан жастар құрамасы «Antalya Cup 2019» турниріне қатысады

06 наурыз 2019, 09:51
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 21-25 наурыз аралығында Түркияда өтетін «Antalya Cup 2019» турниріне қатысады.

«Antalya Cup 2019» халықаралық турниріне бес команда шақырылған. Турнирге Қазақстанмен қатар Эстония, Украина, Латвия және Македония жастар құрамалары қатысады. 

Қазақстан алғашқы ойынын 22 наурыз күні Латвиямен өткізеді. 

 

«Antalya Cup 2019» турниріндегі Қазақстан U-21 құрамасының ойын кестесі:

22 наурыз. Қазақстан U-21 - Латвия U-21

24 наурыз. Қазақстан U-21 - Эстония U-21

25 наурыз. Украина U-21 - Қазақстан U-21.

Бөлісу
Жоғары