Ресей құрамасы Бельгия және Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады

Ресей құрамасы Бельгия және Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады

11 наурыз 2019, 15:49
Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Бельгия және Қазақстан құрамаларымен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың есімдерін атады.

Тізімге 26 футболшы енді:

Қақпашылар: Маринато Гилерме («Локомотив», Мәскеу), Андрей Лунев («Зенит», Санкт-Петербург), Антон Шунин («Динамо», Мәскеу).

Қорғаушылар: Максим Беляев («Арсенал», Тула), Георгий Джикия, Илья Кутепов (екеуі де - «Спартак», Мәскеу), Вячеслав Караваев («Витесс», Голландия), Федор Кудряшов («Истанбул Башакшехир», Түркия), Андрей Семенов («Ахмат», Грозный), Кирилл Набабкин, Марио Фернандес, Георгий Щенников (барлығы - ЦСКА, Мәскеу).

Жартылай қорғаушылар: Ильзат Ахметов (ЦСКА, Мәскеу), Юрий Газинский («Краснодар»), Александр Головин («Монако», Франция), Роман Зобнин («Спартак», Мәскеу), Владислав Игнатьев, Алексей Миранчук, Антон Миранчук (барлығы - «Локомотив», Мәскеу), Алексей Ионов («Ростов», Ростов-на-Дону), Далер Кузяев, Магомед Оздоев (екеуі де - «Зенит», Санкт-Петербург), Денис Черышев («Валенсия», Испания).

Шабуылшылар: Артем Дзюба («Зенит», Санкт-Петербург), Федор Смолов («Локомотив», Мәскеу), Федор Чалов (ЦСКА, Мәскеу).

Тізімде өзгерістер болуы мүмкін.

Қазақстан мен Ресей арасындағы ойын 24 наурыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Бөлісу
Жоғары