Қазақстан жастарының «Antalya Cup 2019» турниріне қатысатын құрамы

Қазақстан жастарының «Antalya Cup 2019» турниріне қатысатын құрамы

06 наурыз, 15:42
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Москаленко «Antalya Cup 2019» халықаралық турниріне шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Қазақстан жастар құрамасы 16-19 наурыз аралығында Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Әрі қарай Түркияға жол тартып, «Antalya Cup 2019» турниріне қатысады. Біздің команданың қарсыластары Латвия, Эстония және Украина жастар құрамалары болмақ. 

Тізімге енген футболшылар:

Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»).

Қорғаушылар: Рауан Орынбасар («Жетісу»), Әлібек Қасым («Қайрат»), Талғат Кусяпов, Лев Скворцов (екеуі де - «Астана»), Сағадат Тұрсынбай («Ертіс»), Дінмұхаммед Қашкен («Касабланка», Испания).

Жартылай қорғаушылар: Акмаль Бақтияров («Сочи», Ресей), Алтынбек Төлеев («Алтай»), Владислав Прокопенко («Астана»), Рамазан Оразов («Қайрат»), Бекзат Құрманбекұлы («Қайсар»), Наурызбек Жагоров («Ақжайық»), Жан-Әли Пайруз, Дмитрий Бачек (екеуі де - «Шахтер»).

Шабуылшылар: Жандос Сұлтан («Каспий»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Артур Шушеначев, Марлен Айманов (екеуі де - «Қайрат А»).

Резерв: қақпашылар – Данил Подымский («Астана»), Илья Сотник («Ертіс»), Данил Устименко («Қайрат»), қорғаушы – Артем Попов («Ертіс»), жартылай қорғаушылар – Сұлтан Сағнаев («Астана»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Сұлтанбек Астанов, Мұхит Жақсылық, Максим Ваганов (барлығы - «Ордабасы»), Евгений Мосин («Екібастұз»), шабуылшылар – Өркен Махан («Қайсар»), Ержан Ибрагимов («Ақжайық»).

Жаттықтырушылар штабы: Александр Москаленко – аға жаттықтырушы, Қайрат Нұрдәулетов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Александр Кузнецов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Даниил Рихард – қақпашылардың жаттықтырушысы, Петр Пустовар – дәрігер, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Александр Шапкин – массажист, Владимир Горячий – бейнеоператор, Дінмұхамед Оралов – менеджер.

Бөлісу
Жоғары