Словениялық төрешілер Қазақстан мен Ресей арасындағы ойында қызмет атқарады

Словениялық төрешілер Қазақстан мен Ресей арасындағы ойында қызмет атқарады

23 наурыз 2019, 11:49
2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы кездесуде қызмет атқаратын төрешілер тобы белгілі болды.

Бас төреші міндетін Славко Винчич атқарады. Бас төрешінің көмекшілері - Томаж Кланчник және Андраж Ковачич, қосалқы төреші — Раде Обренович. Барлық төрешілер Словения елінен.

Қазақстан мен Шотландия құрамалары арасындағы ойын 24 наурыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Бөлісу
Жоғары