Михал Билек «Coca-Cola Былғары доп» турнирінің финалын тамашалады

Михал Билек «Coca-Cola Былғары доп» турнирінің финалын тамашалады

15 мамыр, 17:35
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек мектеп оқушылары арасында «Coca-Cola Былғары доп» республикалық турнирінің финалдық матчын тамашалады.

Финалдық ойын аяқталғаннан кейін бас бапкер Михал Билек матч соңындағы пенальти сериясында шешуші айып добын соқпаған Қостанай облысының командасының жас ойыншысы Артем Шайхатдиновке қолдау көрсетіп, жылы лебіздерін жеткізді.

После финального матча европейский специалист, как настоящий наставник, сумел найти слова поддержки для юного игрока команды Костанайской области Артема Шайхатдинова, не забившего решающий пенальти в ворота жамбылцев в послематчевой серии.

Михал Билек жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне де қатысты. Сонымен қатар, марапаттау рәсіміне ҚФФ Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкерінің көмекшілері Михал Хипп пен Талғат Байсуфинов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Москаленко және оның көмекшісі Қайрат Нұрдәулетов, 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Игорь Свечников, «Coca-Cola» компаниясының өкілдері Азел Жәнібек және Алима Исембаева қатысты.

Бөлісу
Жоғары