Қазақстан футбол федерациясы Әділбек Жақсыбековті туған күнімен құттықтайды!

Қазақстан футбол федерациясы Әділбек Жақсыбековті туған күнімен құттықтайды!

26 шілде 2019, 10:10
Бүгін - Қазақстан футбол федерациясының жетекшісі Әділбек Жақсыбековтің туған күні.

Әділбек Рыскелдіұлы ұзақ жылдар бойы еліміздің басты футбол мекемесін басқарып келеді. Осы уақыт аралығында әлемде кең таралған спорт түрін елімізде дамыту үшін көп жұмыстар атқарылды.

Қазақстан футбол федерациясының жетекшісі елімізде футбол орталықтарын құру бастамасын қолға алған болатын. Сол сәттен бастап балалар мен жасөспірімдер футболы қарқынды дами бастады.

Қазақстандық футболды дамыту бағдарламасы - «Алға, Qazaqstan! Вперед, Футбол!» Стратегиясы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, бұқаралық, футзал, әйелдер футболы, инфрақұрылым, төрешілік және басқа да бағыттарды қолға алды.

Кәсіпқой футболдың деңгейін еурокубок ойындарының нәтижесі бойынша атап өтуге болады. Еліміздің футбол клубтары халықаралық ареналарда «Галатасарай», «Селтик», «Бенфика», «Спортинг», «Бордо», «Динамо» Киев, «Легия», «Олимпиакос» және басқа да атақты клубтарға қарсы лайықты қарсылық көрсетті.

Қазақстан Ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде алты ұпай жинады. Алдағы уақытта біздің футболшылар бұл көрсеткішпен тоқтап қалмайды деп үміттенеміз.

Қазақстан футбол федерациясының басшылығының қолдауымен «ПФЛК-ТВ» интернет-телеарна жобасы дамып келеді. Отандық жанкүйерлер бірнеше жыл бойы Қазақстан Премьер-лигасының матчтарын тікелей эфирде тамашалап келеді.

Қазақстан футбол федерациясы шын жүректен Әділбек Рыскелдіұлына зор денсаулық, отбасына аман-саулық және ел футболын дамыту жолында үлкен жеңістер тілейді!

Қазақстан футбол федерациясы

Бөлісу
Жоғары