UEFA GROW семинары аяқталды

UEFA GROW семинары аяқталды

07 тамыз 2019, 10:13
5-6 тамыз күндері Қазақстан Футбол федерациясының кеңсесінде UEFA GROW семинары өтті.

Тренингтің басты тақырыптары – ұйымың IT-технологиясын дамыту, әлеуметтік желілермен жұмысты талдау және жақсарту, жанкүйерлерге арналған FRM (Football Relationship Management) ақпарат базасын құру.

Семинарға Қазақстан Футбол федерациясының бұқаралық футбол, стратегиялық жоспарлау, маркетинг және PR-қызметінің жетекшілері мен мамандары қатысты.

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағынан бірқатар тәжірибелі мамандар болды: УЕФА ұлттық қауымдастықтар департаментінің бизнесті дамыту менеджері Александр Кучерявый, IT-технология және іскерлік қатынастар менеджері Гэвин Фюрбур, ақпарат базасын басқару сарапшысы Фиона Грин және әлеуметтік желілерді дамыту маманы Марио Лео. Сонымен қатар, семинарға тәжірибе алмасу мақсатында Украина футбол қауымдастығы президентінің инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңесшісі Андрий Окунский шақырылды.

Шарада сөз сөйлеген Қазақстан Футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин ұйымның жұмысын дамыту мен қызметкерлердің білім деңгейін көтеру мақсатында мұндай кездесулердің маңызды екенін атап өтті. Ол ҚФФ-ның стратегиялық дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқан УЕФА-ға алғысын білдірді.

Семинардың алғашқы күні пайдалы болды. Қатысушылар маңызды ақпараттарды тыңдап қана қоймай, өз ойларымен бөлісті. Фиона Грин ө баяндамасында эмейл-маркетинг арқылы жүзеге асатын FRM жүйесі туралы айтып берді. УЕФА-ның әлеуметтік желілерді дамыту бойынша сарапшысы Марио Лео Еуропаның жетекші федерациялары және клубтарымен атқарған жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Гэвин Фюрбур бірыңғай жүйеде мәліметтерді жинау, сақтау және ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін IT-технологиясының инновациялық жобаларына тоқталды.

Қазақстан Футбол федерациясы шығыс еуропалық елдердің өкілдерінің қатысуымен 2019 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында UEFA GROW семинарын өткізеді.

 

 

Бөлісу
Жоғары