Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Кипрмен тең түсті

Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Кипрмен тең түсті

07 қыркүйек 2019, 01:41
Михал Билек командасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының кезекті ойынын сырт алаңда өткізді.

Қазақстан құрамасы есепті жылдам ашқан еді. Ойынның небәрі екінші минутында Алексей Щеткин гол соқты. Алайда, қазақстандық ойыншыларды басымдықты сақтап қала алмады. Кипр футболлшылары бірінші таймның соңына қарай таразы басын теңестірді. Гол авторы - Пиорос Сотириу.

Екінші таймда таблодағы есеп өзгермеді - 1:1. Қазақстан құрамасы бір ұпайды еншіледі.

 

Кипр – Қазақстан - 1:1 (1:1)

Голдар: Пиорос Сотириу 39 - Алексей Щеткин 2

Ескертулер: Костас Мидисккис 8, Николас Янну 15, Яннис Кусулос 45+2 - Ғафуржан Сүйімбаев 85

Кипр: Костас Панаи (Қ), Николас Янну, Гиоргос Меркис (К), Георге Эфрем (Яннис Кости 73), Хамбос Кириаку, Пиорос Сотириу, Яннис Кусулос, Костас Медисккис, Фотис Популис (Яннис Питтас 90), Костас Лаифис, Григорис Кастанос (Энтони Георгиу 58).

Резерв: Урко Пардо (Қ), Михаэль Ниофитос (Қ), Антреас Каро, Георгас Василиу, Михалис Янну, Джек Роулс, Матья Шполярич,  Костакис Артиматас, Антреас Панайоту,.

Бас бапкер – Ран Бен Шимон.

Қазақстан: Дмитрий Непогодов (Қ), Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Александр Марочкин, Ян Вороговский, Асхат Тағыберген (Георгий Жуков 82), Исламбек Қуат, Юрий Перцух, Ғафуржан Сүйімбаев, Бауыржан Исламхан (К) (Максим Федин 65), Алексей Щеткин (Абат Айымбетов 87).

Резерв: Стас Покатилов (Қ), Игорь Шацкий (Қ), Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Виктор Дмитренко, Айбол Әбікен, Серәкжан Мужиков, Тимур Досмағамбетов.

Бас бапкер – Михал Билек.

Төрешілер: Маттиас Гестраниус, Ян-Петер Аравирта, Микко Алакаре (барлығы - Финляндия).

06.09.2019. Никосия, GSP.

Бөлісу
Жоғары