Армения елінің төрешілері Қазақстан U-21 мен Израиль U-21 ойынына қазылық етеді

Армения елінің төрешілері Қазақстан U-21 мен Израиль U-21 ойынына қазылық етеді

07 қыркүйек 2019, 15:56
2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан U-21 мен Израиль U-21 ойынында қызмет атқаратын төрешілер тобы анықталды.

Бас төреші - Завен Оганесян, оның көмекшілері - Ваник Симонян және Артур Гдлян, төртінші төреші - Сурен Балиян.

Қазақстан U-21 – Израиль U-21 матчы 10 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталады. Стадионға кіру тегін! 

Бөлісу
Жоғары