Михал Билек: «Сырт алаңдағы ұпай – жақсы нәтиже»

Михал Билек: «Сырт алаңдағы ұпай – жақсы нәтиже»

07 қыркүйек, 03:40
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Кипрмен өткен ойыннан кейін журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Ойынды жақсы бастап, жылдам гол соқтық. Кейін қарапайым ойын сәттерінде допты жоғалта бастадық. Кипр допты жақсы ұстағанымен, гол соғатын сәттері болмады. Бір ғана жақсы шабуыл ұйымдастырып, соны пайдаланды. Сырт алаңдағы ұпай – жақсы нәтиже.

- Тең нәтиже қанағаттандыра ма?

- Қарсыластың соңғы үш ойында жақсы футбол көрсеткенін ұмытпау керек. Олар Ресейден 0:1 есебімен жеңілді. Шотландиямен 1:1 тең ойнап тұрып, кездесудің соңында жеңіліп қалды. Бүгінгі нәтижеге көңілім толады.

- Айымбетов алаңға кеш шықты…

- Щеткиннің жақсы ойнаған айта кетейін. Ол қорғанысқа да көмектесті. Ерте ауыстыруды ойлаған едік. Алайда, Марочкин мен Тағыбергеннің шаршағанын байқадық. Сол себепті соңына дейін бір ойыншыны алаңға шығару мүмкіндігін алып қалдық. Сол себепті Абат соңында шықты.

 

 

Бөлісу
Жоғары