Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды ірі есеппен ұтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды ірі есеппен ұтты

25 қыркүйек 2019, 18:43
«Каспий Кубогының» шешуші ойынында Каканың командасы Әзірбайжан құрамасымен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасынан Шыңғыс Есенаманов пен Біржан Оразов бір-бірден гол соқса, Дуглас Жуниор дубль авторы атанды. Тағы бір голды Әзірбайжан құрамасының ойыншысы Болинья өз қақпасына салып алды. 

 

Әзірбайжан - Қазақстан - 2:5 (0:4)

Голдар: Болинья 26, Эдуардо 27 - Есенаманов 3, Болинья 13 автогол, Оразов 15, Дуглас 20, 28.

Пенальтиден мүлт кеткен: Амадеу 17 (Әзірбайжан)

25.09.2019. Астрахань, «Звёздный» СК. 

Бөлісу
Жоғары