«БИІК-Қазығұрт» қыздары УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты

«БИІК-Қазығұрт» қыздары УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты

25 қыркүйек 2019, 17:59
Біздің қыздар УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 финалының қарымта ойынында Бельгияның «Андерлехт» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Кездесудің 27-минутында «БИІК-Қазығұрт» қорғаушысы Кеннеди Роуз ашты. Ойын соңына қарай Алина Литвиненко пенальтиден гол соғып, есепті еселеді - 2:0. 

Екі команда арасында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. Қос кездесудің қорытындысы бойынша шымкенттік команда еуропалық турнирдің 1/8 финалына шықты. 

 

«БИІК-Қазығұрт» - «Андерлехт» - 2:0 (1:0)

Голдар: Роуз 27, Литвиненко 85 - пенальти

Ескертулер: Литвиненко 72 - Кольсон 39

«БИІК-Қазығұрт»: Железняк, Чебел, Бабшук (Зулу 90+5), Габелия (Реубен 87), Құлмағамбетова, Литвиненко (Холден 90+4), Маккарти, Кундананджи, Роуз, Илич, Денесик;

«Андерлехт»: Одер, Кольсон (Абдюлай-Толоба 78), Ванхамел, Меркирс, де Кеньи, ван Горп, Вэтафу, Вейнантс (Дики 86), Делоосе, Соланж Карвальяш (Корин 46), Тиссо;

25.09.2019. «Намыс», Шымкент. 

Бөлісу
Жоғары