Алексей Щеткин: «Футболды сағынып қалыппын»

Алексей Щеткин: «Футболды сағынып қалыппын»

16 қараша, 01:03
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щёткин Сан-Мариномен ойын алдында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Жағдайым жақсы. Жарақатыма байланысты бір ай ойнамадым. Ел чемпионатында екі кездесуге қатысып, бабыма ене бастадым. Футболды сағынып қалыппын. Ұлттық құрамаға көмектесуге дайынмын. Ертең жеңіске жету керек. Қай уақытта гол соғатынымыз маңызды емес. Жылдам гол соқсақ, тіпті жақсы. Жаңбыр да кедергі келтірмейді деп ойлаймын. Өйткені, екі командаға бірдей жағдай жасалған. Жасыл алаңның сапасын жоғары болады деп сенемін. Жеңіске жетеміз.

 

 

 

Бөлісу
Жоғары