Петр Пак: «Қателіктерден сабақ шығарып, алға ұмтылу керек»

Петр Пак: «Қателіктерден сабақ шығарып, алға ұмтылу керек»

15 қаңтар, 15:36
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Петр Пак Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен маусымды қорытындылап, жаңа маусымдағы қарсыластарға тоқталды.

- Маусымды қорытындылап өтсеңіз?

- Ең алдымен барша жанкүйерлерді Жаңа жылмен құттықтағым келеді. Баршаңызға табыс, байлық, бақыт тілеймін! 2019 жылы өткен іріктеу турнирінің ойындарына дайындық Шымкент қаласында басталды. 24-30 қыркүйек аралығында ойын тәжірибесі бар футболшыларды жинадық. 

- Еуропа Чемпионатының ойындарына дайындық қалай жүргізілді? Қандай қиындықтар болды?

- Ел чемпионатының деңгейі төмен. Ең басты мәселе осы. Ойыншыларға ойын тәжірибесі жетіспейді. Кәсіби деңгейі өспейді. Халықаралық деңгейде психология, техника және тактикалық ойлау жағынан қарсыластарға есе жібереміз. 

- Өткен іріктеу турнирінде Испания, Исландия және Грекия құрамаларымен ойнадыңыздар. Лайықты қарсылық көрсету қаншалықты қиын? 

- Халықаралық жарыстарда деңгейі жоғары қарсыластармен сынға түсу теңдессіз тәжірибе екені сөзсіз. Испания, Исландия және Грекия - мықты құрамалар. Олардың басымдығы айқын. Біздің футболшылар еуропалық футболға дайын емес. 

- 2020 жылдың күзінде Еуропа Чемпионатының кезекті іріктеу турнирі басталады. Қарсыластарымыз - Германия, Австрия және Хорватия. Біздің топ туралы не айтасыз?

- Командалардың деңгейі жоғары. Германия мен Австрияның ойын үлгісі ұқсас. Допты жақсы ұстайды. Хорватия құрамасы да ұйымшыл ұжымдардың бірі. Әрине, биыл жақсы ойын көрсетуге тырысамыз. Қателіктерден сабақ шығарып, алға ұмтылу керек. 

Бөлісу
Жоғары