Киберфутболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысады

Киберфутболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысады

16 қаңтар, 11:01
eFootball Pro Evolution Soccer 2020 бағдарламасы бойынша киберфутболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысады. 

Қазақстан Футбол федерациясы мен Киберспорт федерациясы елімізде іріктеу турнирін жүргізді. Әр елден 2-4 ойыншы қатысады. Қазақстан намысын Қаныш Әбікенов пен Кабир Добай қорғайды. 

2020 жылғы Еуропа Чемпионатының жеребесі бойынша 55 команда бірнеше топқа бөлінді. Әр топта 5-6 қатысушы бар. Қазақстан құрамасы «С» тобында Швейцария, Молдова, Босния және Герцеговина, Македония құрамаларымен ойнайды. 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі наурыз айында басталады. Ойындар үш ай ішінде онлайн-режимде өтеді. Нақты тізім мамыр айында белгілі болады. 

Бөлісу
Жоғары